"Казэнерджи консалт" ЖШС "Каспий" тауар биржасы" АҚ-ның клирингтік орталығы* болып табылады және "Каспий" биржасында барлық сауда секцияларындағы бүкіл мәмілелер бойынша клирингтік қызметті* жүзеге асырады.
Тауар биржасының клирингтік орталығы – тауар биржасы клирингтік қызметті көрсету туралы шарт жасасқан дербес клирингтік ұйым.
Клиринг – биржалық мәмілелерді жасау нәтижесінде, оның ішінде міндеттемелерді өзара есепке алу нәтижесінде тауар биржасы мүшелерінің талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты анықтау, тексеру және беру, сондай-ақ осындай міндеттемелерді тоқтату және (немесе) орындау үшін негіз болып табылатын құжаттарды (ақпараттарды) дайындау процесі.
Нарық жаңалықтары
Биржа мүшелері жариялаған жаңалықтар
58 261 600,00 ₸