Негізгі функциялары

Биржалық мәмілелерге клирингтік қызмет көрсету "Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12605 нөмірімен тіркелген).

Клирингтік қызмет жүзеге асырылатын биржалық операцияларға қарай тауар биржасының клирингтік орталығы келесі функцияларды орындайды:

  1. жасалған биржалық операциялар туралы ақпаратты жинайды және өңдейді;
  2. жасалған биржалық мәмілелердің есебін жүргізеді және шарттарын растайды;
  3.  биржалық мәмілелерді жасау нәтижесінде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен міндеттемелерін есепке алуды жүзеге асырады; 
  4. биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық қамтамасыз етуін* қабылдайды және есепке алады;
  5.  биржалық мәмілелер бойынша тараптардың талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындайды, олар бойынша есеп айырысуларды ұйымдастырады; 
  6. айырбастау операцияларын орындауда қолдау көрсетеді.

*биржалық қамтамасыз ету – жасалатын биржалық мәмілелер бойынша

биржалық саудаға қатысушылар қатысу үшін тауар биржасының клирингтік орталығына

бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде биржалық сауда-саттық

қайтарымды негізде салатын ақшалай қамтамасыз ету.